|
Хирургиялық отаны дәстүрлі әдіспен жасағанда дәрігер кеуде қуысын немесе ішті тіліп, қолқаның кеңейген аневризмалық бөлігін алып тастайды және оның орнына синтетикалық эндопротезді тігеді. Бұл емшара науқас үшін оңай емес және ұзақ оңалту мерзімін талап етеді.
Аневризманың эндоваскулярлы емдеуі зақымдалған тамырдың ішінен жүргізіледі және ашық тіліктерді талап етпейді. Бұл жағдайда арнайы құрал қолданылады: стент-графт. Бұл қолқаның қапшық сияқты кеңейген бөлігінің тамырішілік протез (эндопротез) қызметін атқаратын, арнайы материалмен қапталған торланған металл қаңқасы.
Стент-графтар ұзындығымен аневризманың ұзындығына, ал диаметрі бойынша – қолқаның қалыпты жағдайдағы саңылауына сәйкес. Әрбір пациент үшін, стент-графт аневризманың мөлшеріне сәйкес, жеке негізде жүзеге асырылады. Кеуде немесе құрсақ қолқасының аневризмасын емдеу үшін конус немесе цилиндрлік стент-графтар қолданылады. Құрсақ аневризмасы бифуркация (қолқаның оң жақ және сол жақ мықын артерияларына бөлінуі) зонасына таралған жағдайда, қолқаның ішінде тікелей қосылған екі компоненттен тұратын арнайы бифуркациялық стент-граф қолданылады.
Рентген бақылауымен стент-графт қажетті диаметрге кеңейеді және тамырдың қалыпты іргесін қалыптастыра отыра осындай қалыпта берік бекітіледі. Қолқаға орнатылған кезде, стент-графт аневризманың жоғары және төмен қабырғаларына мөрленеді. Бұл жағдайда аневризманың қуысына қан ағысы баралмайды.
Бұл ота наркозды талап етпейді және жергілікті анестезия арқылы жүзеге асырылады. 10 күннен кейін, ота жасаған пациент ауруханадан тыс қалыпты өмірге оралуына болады.
Тамырішілік кірісудің дәстүрлі оталар алдындағы артықшылықтары:
- ота кезінде бірде-бір ішкі ағза қан айналым жүйеден ажыратылмайды;
- емдеуді наркозсыз, жергілікті анестезия арқылы жүргізу мүмкіндігі;
- ота кезінде пациенттің өте аз қан жоғалтуы;
- ауруханада жату және оңалу мерзімі уақытының қысқаруы;
- хирургиялық кірісулерге тән асқынулардың болмауы.
Әрбір жеке пациентті емдеудің оңтайлы әдісін таңдағанда дәрігер ескере отыратын қолдануға және қолдануға болмайтын жағдайлар эндоваскулярлы отада да бар. Бірақ жалпы, кеңейтілген хирургиялық оталарға қарағанда, тіпті қолқа аневризмасының қажетті түзетуі жүргізілмегенде, стент-графты пайдалану кезінде қауіп әлдеқайда төмен болып табылады.
|